
Соңғы тәулікте Павлодар облысында COVID-19-дың 79 жаңа жағдайы тіркелді, соның ішінде Павлодар қаласында 48 жағдай тіркелді, Екібастұз – 13 және Ақсуда – 5 жағдай.
2021 жылғы 3 наурыздағы сағат 9.00 дегі жағдайға сәйкес, Павлодар облысында коронавирусты жұқтырудың 17773 жағдайы тіркелді, симптоммен - 12406 жағдай, симптомсыз 5367 жағдай. Ауырғандардың жалпы санынан 10396 немесе 58,5% - Павлодар қаласының тұрғындары.
Ауырғандардың ішінде Павлодар облысының тұрғындарының саны – 17557 болса, 216 жағдай басқа өңілерден әкелінген.
Статистиканы жалғастырсақ, байланысқа түскен адамдар арасында 35,3% немесе 6266 жағдай анықталды, жедел респираторлық вирустық инфекциялармен және пневмониямен ауыратын науқастар арасында 56,5% немесе 10 049 КВИ бар науқастар өздігінен жүгіну жолымен анықталды, профилактикалық тексеруден өту барысында 7,0% анықталды, олар 1242 жағдай.
Соңғы үш аптада эпидемиологтар облыста ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиялық маусымының төмендеуіне, ауа-райының жақсаруына және вакцинацияның басталуына байланысты аурудың төмендеуін атап өтті, бұл өңірлерде оның ішінде Павлодар облысында КВИ бойынша жағдайды тұрақтандыруға оң әсерін тигізуде.
КВИ бойынша апталық өсім келесі статистикада көрсетілген:15-21 ақпан аралығында ауру көрсеткіші 4,3% немесе 704 жағдайды құрады, 22-28 ақпан аралығында – 3,41% немесе 582 жағдай тіркелді.
КВИ жағдайларын күнделікті тіркеуде төмендеу ағымы соңғы 7 күнде байқалуда: 24 ақпан -2 наурыз аралығында COVID-19 дың 555 жағдайы тіркелсе, алдыңғы аптада 17-23 ақпан аралығында – 707 жағдай тіркелді.