Қоқысты өңдеу маңызы зор

Қоқысты өңдеу маңызы зор

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, өңдеу және оны кәдеге жарату бүгінде күнде өзекті мәселесі болып табылады. Тұрғындар санының ұлғаюына байланысты қоқыс қалдықтары да молайып келеді. Қоқыстың жиналуы - бұл күнделікті жүретін процесс. Басқа елдерде қоқысты түріне қарай бөлек жинау тәжірибесі қалыптасқан, онда үй маңындағы аумақтарда қоқысты бөлек жинауға (қағаз, шыны, пластик, тамақ қалдықтары) арналған контейнерлер (түрлі-түсті) орналастырылады:

Осыдан кейін бұл қалдықтар бірнеше түрге қайта сұрыпталатын шағын кешендерге жөнетіледі. Ол кешенде төмендегідей өңдеу жұмыстары жүргізіледі:

Қағаз қалдықтары негізінен дәретхана қағазын немесе картон шығаруға бағытталған.

Пластикалық қалдықтар қайта өңдеу кәсіпорындарында қолдануға арналған пластиктің ең танымал түрі-ПЭТ бөтелкелері. Өңделетін өнім жеңілдетілген түрде сұрыптау, тазарту, нығыздау, ұсақтау. ыстық бумен өңдеу, ұнтақтау, қабыршақтардың флексін шығару, кейіннен түйіршікті дайындау процесстерінен өтеді.

Шыны өңдеу барысында қайта өңдеуге арналған шикізатты тұтыну қалдықтарын сұрыптау кезінде немесе әйнек сынықтарын мақсатты түрде жинау арқылы алуға болады. Бұл жаңа шыны бұйымдарын өндіруге, сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіруге арналған шикізат. Желіде қалдықтар мұқият сұрыпталады, тазартылады және ұсақталады, содан кейін термиялық өңделеді, балқытылған масса сүзіледі.

Сондай-ақ, құрылыс, резеңке және тоқыма аяқ киім қалдықтары да қайта өңделеді.

Полигондарда жылдар бойы жиналған қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мәселесі дұрыс жолға қойылған жағдайда, қоршаған ортаға зиянын аз тигізе отырып, біздің қоғамға көптеген пайдалы заттар әкелуі мүмкін.