
Алматы қаласында, 2021 жылдың ақпан айының 13 мен 19 аралығында, мониторингтік топтар тарапынан 1 051 объекті тексеріліп, 115 бұзушылық анықталған. Соңғы тәулікте (19 ақпан) 18 бұзушылық тіркеліп, жалпы сомасы 3 млн 369 мың теңгеге айыппұл салынған.
Олардың арасында,
Алатау ауданы бойынша:
🔹«Тифани» сұлулық салонының қызметкерлері бетпердесіз қызмет көрсеткен;
🔹 «Асылзат» кешенің қызметкерлері бетпердесіз жұмыс істеген;
🔹«Береке» дүкенінде, еденде арақашықтықты сақтау керектігін көрсететін арнайы белгілер болмаған;
🔹Қызметіне тыйым салынғанына қарамастан Абай даңғылы 143, мекен-жайында орналасқан Лото-клубы жұмысын жалғастырған.
Алмалы ауданы бойынша:
🔹«Boohouse» бары;
🔹«Марго» кафесі;
🔹«TTandPS» компьютерлік клубы;
🔹«Финик» кафесі қызметін тоқтату туралы сот шешіміне қарамастан жұмысын жалғастырған;
🔹«Чикаго» ойын клубы, сот шешіміне қарамастан, жұмыс істеген;
🔹«PS Park» ойын клубы.
Әуезов ауданы бойынша:
🔹«Ифтар» кафесінің қызметкерлері бетперде режимін сақтамаған.
Бостандық ауданы бойынша:
🔹«Бэлла» сұлулық салонында бетперде режимі сақталмаған;
🔹«OLOVO» лаунж бары жұмыс режимін және бетперде режимін сақтамаған.
Жетісу ауданы бойынша:
🔹«Мардин» кешенінде бетперде режимі сақталмаған;
🔹«Brotherhood» кафесінде бетпердесіз қызмет көрсетілген;
🔹«Ялян» базарында бетперде режимі сақталмаған.
Медеу ауданы бойынша:
🔹«Раушан» дүкені карантин шараларын бұзған.
Түрксіб ауданы бойынша:
🔹«Hunter 3» компьютерлік клубында бетперде режимі сақталмаған.
Наурызбай ауданы бойынша:
🔹«Адия» дүкенінде бетпердесіз қызмет көрсетілген.
Жалпы, Алматы қаласында 2021 жылдың 1-ші қаңтары мен 19-шы ақпан аралығында мониторингтік топтар 5 394 объектіні тексеріп, 456 құқық бұзушылық анықтаған. 472 хаттама жасалған, оның ішінде заңды тұлғаларға 37 261 260 теңге сомасына 103 хаттама толтырылған, жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін 16 233 105 теңге сомасында 369 хаттама жасалған. Аталған кезең аралығында 44 материал сотқа жіберіліп, олардың 16-сы бойынша сот шешімі шыққан.