
Алматы қаласында бизнес субъектілерінде коронавирус инфекцияның таралу қаупін азайту бойынша «Ashyq» пилоттық жобасы басталды. Сандық мониторинг ретінде QR-кодтарын қолданады. Оңтүстік Астанада бірқатар бизнесмендер ноу-хауды бағалап, мобильдік қосымшаны қолдана бастады. Санитариялық дәрігерлер әзірлеушілерді де қолдап, «Ashyq» қосымшасын мобильді құрылғыларға жүктей бастады.
Айта кетейік, елдегі эпидемиологиялық ахуалды бақылау үшін Денсаулық сақтау министрлігі цифрлық даму министрлігімен бірлесіп «Ashyk» мобильді қосымшасын әзірледі. Оның көмегімен қоғамдық орындарға кіру кезінде келушінің статусы анықталатын болады.
Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов өзінің гаджетіне алғашқылардың бірі болып мобильдік қосымшаны орнатып, тіпті оны бағалай алды.
- Телефоныма бұл қосымшаны менде және менің бірқатар әріптестерім де орнатты. Қазақстандық «Ashyk» қосымшасы ПТР - дың жалпы базасымен біріктірілген және ол жеке тұлғаның байланыста болған немесе ауырған адамдар санатына жататындығын дәл анықтауға мүмкіндік береді, - деп хабарлады Алматы қаласы бойынша СЭБД-нің орынбасары Сәдуақас Байғабұлов.
Қосымша жұмысының мәні мынада: әрбір кәсіпкерлік субъектісіне жеке QR-код беріледі (үй – жайға әрбір кіріске, егер кіретіндер бірнешеу болса-код олардың әрқайсысына беріледі). Келушілер қосымшаны жүктеп алады және QR-кодты сканерлеген кезде үй-жайға кіре берісте олардың статусы инфекцияның тасымалдаушысы ретіндегі қауіптілік деңгейі бойынша анықталады. Барлығы жеке тұлғалар үшін 4 статус қарастырылған: қызыл, сары, көк және жасыл.
АНЫҚТАМА ҮШІН:
Қызыл статус қозғалысты шектеуді, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйді оқшаулаудың қатаң режимді сақтауды білдіреді.
Сары- қозғалысты ішінара шектеу- пайдаланушы ПТР дерекқорында байланыс ретінде көрсетілген: пациент үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспайтын азық-түлік және тұрмыстық дүкендерге, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі.
Көк- Бұл статус үшін ешқандай шектеулер жоқ, тек ПТР міндетті болатын жерлерден басқа (мысалы, әуежайда).
Жасыл статус қозғалыста ешқандай шектеулер жоқ екенін білдіреді және бұл пайдаланушы дерекқорда Covid-19 теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген.
- Алматыда инфекцияның таралуына байланысты жағдайдың тұрақтануына және кейбір кәсіпкерлік субъектілері үшін «жасыл» аймақта болуына қарамастан, қызметті жүргізуге тыйым салу әрекеті жалғасуда. Олар бильярд клубтары, боулинг және компьютерлік клубтары жұмысын жалғастыра алмайды. Облыстар «жасыл» және «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өткен кезде инфекцияның таралу деңгейі бойынша қызметті тоқтата тұру қаупіне басқа кәсіпкерлер де ұшырайды, - деді Сәдуақас Байғабұлов.
Қазақстандық бизнеске санитариялық нормалар мен санитариялық дәрігерлердің талаптарын бұзбауға көмектесу үшін ASHYK мобильді қосымшасы әзірленді.
Мысалы, Алматыда пилоттық режимде ASHYQ мобильді қосымшасын 15 объект қолдана бастады: 3 фитнес орталық, 1 СПА, 11 сауна мен монша, 10 қоғамдық тамақтану объектісі пайдалана бастады. Олардың қатарында «Қазақстан» спорт кешені, «TauFit» фитнес клубы, «Цезарь» саунасы, «Ля Купель» қонақ үй-монша кешені, «Турандот» мейрамханалар желісі және т.б.
- Әлеуметтік желілерде осы қосымша туралы көптеген жағымсыз пікірлер пайда болды. Оны пайдалану кәсіпкерлер үшін де, жеке тұлғалар үшін де ерікті болып табылатынын атап өткім келеді және телефоныңызға орнатуға ешкім мәжбүрлемейді, - деп қосты Байғабұлов.
Алайда, бизнестің жұмысын шектеу жағдайында бұл кәсіпкерлер үшін жұмысты тоқтатпауға мүмкіндік береді, осылайша қызметкерлердің кірісі мен жұмыс орындарын сақтайды. Бұл келушілерге қажетті қызметтерді алу үшінөте қолайлы. Бұл тәжірибе Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде сәтті қолданылады.
Бұл ретте қосымшаны пайдалану кәсіпкерлік субъектілерін санитариялық нормаларды сақтаудан босатпайды. Бірақ сонымен бірге келушілердің жұқтыру қаупі аз болады.