Нәрестелердің іріңді-септикалық инфекциялары

Нәрестелердің іріңді-септикалық инфекциялары

Нәрестелердің іріңді-септикалық инфекциялары – бұл жатырдағы нәрестеде және жаңа туылған балада болатын инфекциялық-қабыну  аурулары тобына жататын аурулар. Іріңді-септикалық инфекциялардың басым бөлігі   негізінен анасынан жатырішілік жұғады.

Өткен 2020 жылы облыс бойынша жаңа туылған нәрестелер арасында 7 іріңді-септикалық инфекция тіркелді (2019ж.-3 жағдай). Тіркелген 7 іріңді-септикалық инфекцияларының  3-і жатырішілік пневмония, 3-і терінің оқшауланған инфекциялары, 1 жағдайы остеомиелит. Микробтық пейзажы бойынша 4 жағдайда стафилококк,  3 жағдайда басқа микробтар (ішек таяшалары, энтерококтар) анықталған.

Тіркелген іріңді-септикалық инфекциялардың барлығы да аналарының жатырішілік инфекцияларымен  ауруларынан болған,  аналары  жүкті кезінде баспамен, несептік-жыныстық ауруларымен (эндометрит, кольпит, пиелонефрит ж.т.б.) аурып, босанбастан бұрын уақытында емделмеген.  Сонымен қатар, аналары нәрестелерді күту (суға түсіру, құндақтау, емізу) кезінде жеке бас гигиенасын сақтамауынан нәрестелерде іріңді-септикалық инфекциялардың пайда болуына әсер еткен.

Нәрестенің  және анасының  денсаулығына орасан зиян тигізетін инфекциялық аурулардың  алдын алу мақсатында, жүкті әйел  өзінің ағзасын  және нәрестенің ағзасын  қорғау үшін келесі алдын-алу шараларын орындауы қажет:

  • жүктіліктке уақытында дайындалу  және жоспарлау;
  • жүкті әйелдердің уақытында есепке тұруын және босануға дейін несептік-жыныстық ауруларын емдеу;
  • нәрестеге күтім көрсету кезінде анасының босандыру ұйымында және үйінде жеке бас гигиенасын сақтау.