Оқушылар арасында сколиозбен сырқаттанушылар саны артқан

Оқушылар арасында сколиозбен сырқаттанушылар саны артқан

Сколиоз – бұлшықет жүктемесінің жеткіліксіздігінен, дұрыс емес позицияда дененің тұрақты болуы салдарынан дамиды. Сколиоздың ауыр түрлері кезінде еңбек ету қабілетін азайтуға және мүгедектікке әкеп соқтыратын ағзаның маңызды жүйелеріндегі елеулі бұзылулар пайда болады.

Ақтөбе облысында 2020 жылы мектеп оқушылары арасында сколиозбен сырқаттанушылар саны едәуір өскендігі байқалады. Мәселен,өткен жылы мектеп оқушыларын медициналық тексеруден өткізу нәтижесінде 522 оқушыдан анықталған. 2019 жылы сырқаттанушылар саны 437 болатын. 

Атап айтар болсақ, бастауыш сынып оқушылары арасында —54 (2019 жылы - 104), орта буын оқушылары арасында, яғни, 5-9 сынып — 186 (2019 жылы – 208), жоғары сынып оқушыларында  — 282 жағдай(2019 жылы-125).

​Мектеп оқушылары арасында патологияның, яғни, сколиоздың өсуі — ең алдымен, жұмыс үстелі мен орындықтардың баланың денесінің өсуі мен пропорцияларына сәйкес келмеуімен байланысты. Облыстың жалпы білім беретін мектептерін тексеру барысында 3965 мектеп жиһазына өлшеу жүргізілді.  Нәтижесінде соның 200 -і сәйкес келмейтін болып шықты. Анықталған кемшіліктер бойынша 7 ұйғарым берілді.

Оқу-тәрбие мекемелерін қажетті жиһаздармен қамтамасыз етудің және оны тиімді пайдаланудың өсіп келе жатқан балалар денсаулығы үшін маңызы зор.

Оқушылардың арасында сколиозасқынуының алдын алу үшін бірнеше ережелерді сақтауқажет: салауатты өмір салтын ұстанужәне дене жүктемелеріне көңіл бөлу, белсенді демалуға уақыт табу, пайдалы заттарға бай азық-түлікпен тамақтану.

Сонымен қатар,оқу мекемелері мектеп жиһаздарын,сабақ кестесін санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкестендіріп, жас ерекшеліктеріне байланысты оқушылардың қозғалыс жағдайын қадағалау және бақылау қажет.