Алматы қаласының қоғамдық тамақтану орындары жасырын кальян ұсыну қызметін доғарар емес

Алматы қаласының қоғамдық тамақтану орындары жасырын кальян ұсыну қызметін доғарар емес

Алматы қаласы полиция департаментінің ақпараты бойынша 2021 жылдың басынан бері Алматы қаласының қоғамдық тамақтану орындарында кальян шегудің 358 фактісі анықталған. Барлық құқық бұзушылар ҚР Әкімшілік Кодексінің 441-бабы 1-ші бөлімі бойынша жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекетімізде қоғамдық орындарда кальяндарға толық тыйым салынған. Енді оны кафелерде, мейрамханаларда, барларда, клубтарда, ашық ауада отыратын орындар және көшелерде темекі шегуге болмайды. Осыған байланысты кальянды тек үйде шегу болады. Заң бойынша, 2020 жылдың шілде айынан бастап күшіне енген. Полиция ведомствосында атап өткендей, құқық бұзушылар мониторингтік топтардың жұмысы барысында анықталады. Кальян шеккені үшін айыппұл 15 АЕК (43 755 теңге) құрайды.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кальян табагының құрамында темекіге тәуелділігі сияқты никотин бар екендігін айтты. Зерттеулер көрсеткендей, кальян табагінде темекіге қарағанда никотин мен түрлі шайырлар көп. Кальян табагін шегу, әдеттегі темекі сияқты өкпенің қатерлі ісігін тудыратыны дәлелденді. Кальян темекі шегушілерде денедегі көміртегі оксиді деңгейі жоғарылайды, бұл жүректің жиырылуын арттырады. Кальян табагінің дымқыл түтіні өкпеде ұзақ уақыт қалады. Сондай-ақ, ингаляциялық көмірқышқыл газының көлемі темекіден көбірек жұғатыны белгілі. Кальянның тағы бір зиянды қасиеті жұқпалы аурулардың таралуы, атап өтетін болсақ: гепатит, туберкулез, герпес, пневмония. Бұл кальян шегетін түтікті көптеген адамдар қолданатындығына байланысты, кальян табактары тиісті санитариялық өңдеуден өтпейді және жұқпалы аурулардың көзі болып табылады.