Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес еңбек қызметін жүзеге асыруға, емделуге, студенттерге және т.б. шұғыл жағдайларды қоспағанда, ҚР азаматтарымен, шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен ҚР Мемлекеттік шекарасынан өту уақытша шектелген.

Бұдан басқа, 2020 жылғы 11 қарашадан бастап шекара маңындағы елдердегі қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚР азаматтарының, шетел азаматтарының және ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар азаматтығы жоқ адамдардың мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне қойылатын талаптар қосымша күшейтілді. Осылайша, мемлекеттік шекараны кесіп өту жиілігі ерекше жағдайларда: емделуге, оқуға, еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында, отбасы мүшелерін жерлеуге, отбасының ауыр науқастарына күтім жасау үшін және т. б. шектеусіз 30 тәулікте 1 реттен 90 тәулікте 1 ретке дейін өзгерді.

2021 жылғы 2 ақпаннан бастап ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне бірқатар жеңілдіктерді көздейтін өзгерістер енгізілді.

ҚР азаматтары үшін де, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін де шекараны кесіп өту еселігі 3 есеге (90 тәулікте 1 реттен 30 тәулікте 1 есеге дейін) ұлғайтылды.) 

Сонымен қатар, шетелдіктер үшін де, ҚР азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін де жоғарыда аталған ерекше жағдайлар жалғасуда.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тікелей әуе қатынасы қайта басталған (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) мемлекеттер азаматтарының қатарынан шетелдіктердің ҚР азаматтарының шет мемлекеттерге ұшып шығуына, ҚР аумағына/арқылы кіруіне/транзиттік жүріп өтуіне рұқсат етілді.