Қарағанды облысында туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 20%-ға төмендеген

Қарағанды облысында туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 20%-ға төмендеген

2020 жылдың қорытындысы бойынша облыста туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 34,7 құрады (477 жағдай). Өткен жылмен салыстырғанда аурушаңдық 20,1%-ға төмендеді (599 жағдай, көрсеткіш 43,5).

Жыл қорытындысы бойынша туберкулездің асқынған 2 жағдайы тіркелді.

Тыныс алу органдарының туберкулезімен ауыру 18,4% - ға төмендеді, бацилл бөлінуімен 44 жағдайға төмендеді. Бактерия бөлумен туберкулез рецидивінің 19,6% төмендегені байқалады. Рецидивтердің жалпы құрылымында МБТ өкпе рецидивтерінің үлес салмағы 53,3% - дан 44,2% - ға дейін төмендеді. Рецидивтің бациллярлық түрлерінің арасында ауырғандардың 28,4%-ы - алкогольді шектен тыс пайдаланатын адамдар, 23,4%-ілеспе аурулары бар адамдар (СОӨА, АИТВ, СД), 16,1% - белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, 16,1% - бұрын бас бостандығынан айыру мекемелерінде мерзімін өтеген, 4,2% - есірткіні тұтынушылар болып табылады.

Бұдан басқа, облыста туберкулезден болатын өлім-жітімнің 2019 жылмен салыстырғанда 7,9%-ға (100 мың тұрғынға 3,5) төмендегені байқалады (100 мың адамға 3,8). Төмендегеніне қарамастан, өлім-жітім деңгейі республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып қалуда.

Балалар арасында туберкулезбен ауыру 100 мың балаға шаққанда 2,8 құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 2,3 есеге төмен.

Балаларда тыныс алу органдары туберкулезі басым.

Облыстың туберкулезге қарсы ұйымдарында диспансерлік есепте туберкулездің белсенді түрлерімен ауыратын 714 науқас тұр (көрсеткіш 51,9), оның ішінде 17 жасөспірім (32,4), 6 бала (1,9).

Профилактикалық тексеру кезінде 220 науқас анықталды, бұл жалпы жағдайлардың 49,2% құрайды.

Туберкулезді тіркеу кезіндегі алғашқы шұғыл хабарламалар бойынша туберкулез ошақтарына эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Туберкулездің ұжымдық және үй ошақтарында сауықтыру жоспарлары жасалды.

Облыста халық арасында туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтауға мүмкіндік берген санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді орындау бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.

Халықты ақпараттық-коммуникативтік қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде хабардар етудің барлық нысандарын пайдалана отырып, туберкулездің алдын алу бойынша санитариялық-түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі. Вакцинациядан бас тартушылармен тікелей сөйлесу түрінде жұмыс күшейтілді.