Шымкентте тоғыз мектеп карантинге жабылды

Шымкентте тоғыз мектеп карантинге жабылды

Шымкент қаласында 2021 жылдың 1 қаңтары мен 2 ақпан аралығында оқушылар арасында COVID-19 зертханалық расталған 39 жағдай тіркелген.

2020 - 2021 оқу жылының басынан мектеп оқушылары арасында коронавирустық инфекцияның 64 жағдайы тіркелген. Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті КВИ-дің барлық тіркелген жағдайлары бойынша эпидемиологиялық тексерулер жүргізген.

Нәтижесінде , КВИ – дің 64 жағдайының 18-і оффлайн режимде, 46 оқушы қашықтықтан (онлайн) форматында оқығаны анықталды.

Департамент КВИ таралуын болдырмау мақсатында барлық қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар, оның ішінде індет анықталған мектептерде қорытынды дезинфекция жүргізілген. Оқу жылы басталғалы 17 мектеп 14 күндік карантин жарияланған.

Бүгінгі таңда 9 мектепте карантин жарияланған, олар - №18, №6, №66, №104, Назарбаев Зияткерлік физика-математика мектебінде, «Байтерек», №1, №22 және №35 мектепте.

Аумақтық басқармалардың мамандары тұрақты түрде қала мектептерінде санитариялық-эпидемияға қарсы талаптарды сақтау бойынша коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған санитариялық-түсіндіру жұмыстары жүргізуде.

Жалпы, қаладағы барлық білім беру объектілері күшейтілген санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда.