Шығыс Қазақстан облысының аумағында шектеу шаралары 2021 жылдың 14 ақпанына дейін ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысының аумағында шектеу шаралары 2021 жылдың 14 ақпанына дейін ұзартылды

2021 жылғы 30 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» №3 қаулыға қол қойды.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында шектеу шаралары 2021 жылғы 30 қаңтардан бастап 14 ақпанға дейін ұзартылды.

Аталмыш қаулыда келесі өзгерістер бар:

Алматы облысы жағынан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін қосымша 3 санитарлық бекет орнатылды.

Қоғамдық көліктердің жұмысы отыратын орындар саны 75%-дан аспаған кезде, сондай-ақ қарбалас уақытында таңертең (8.00-ден 10.00-ге дейін), кешке (18.00-ден 20.00-ге дейін) автобустар саны артқан кезде рұқсат етіледі.

Ұжымдық құдайға құлшылық етуге (оның ішінде жұма-намаз) тыйым салынады. Діни бірлестік объектілерінде орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым салынады.

Мәдениет объектілеріне 30 адамнан аспайтын  жеке, топтық дайындықтар өткізуге рұқсат етілген (бұған дейін 50 адам болған).

Сауналар жұмыс күндері қолданыстағы жұмыс режимімен, сенбі және мереке күндері сағат 19.00-ге дейін, жексенбіде қызметін тоқтата отырып жұмыс істейді (бұған дейін сауналар аптаның барлық күндерінде қолданыстағы жұмыс режимімен жұмыс істеген).

Театрлар мен кинотеатрларға бір отбасы мүшелерін қоспағанда, шахматтық реттілікпен залда отыратын орындар саны 20%-дан асырмай, соның ішінде бір уақытта 100 адамнан аспайтын адам болғанда ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Карантин режимінде жұмыс істеуге қойылатын санитарлық ережелердің белгіленген талаптарына жауап бермейтін мектептер қашықтықтан оқу режиміне ауыстырылатын болады. Офлайн режимде оқитын оқушылар мен жұмыс істейтін білім беру объектілері персоналдарының тіркелген әрбір сырқаттанушылығы бойынша мектептерге жоспардан тыс тексерулер жүргізілетін болады.

Қызметкерлердің кемінде 60%-ы қашықтықтан жұмыс істеу формасы сақталады (штат кестесінде 40-тан астам қызметкер болғанда).

ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты санитарлық ережелер мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің қаулыларының барлық талаптарын сақтауға шақырады.