Павлодар облысында КВИ ауруының өсуінің негізгі себебі - халықтың карантиндік шараларды сақтамауында

Павлодар облысында КВИ ауруының өсуінің негізгі себебі - халықтың карантиндік шараларды сақтамауында

Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Павлодар облысы қызыл аймақта қалып отыр. Эпидемиологтар  апта  ішінде облыстың тоғыз  аймағындағы ең жоғары өсімді атап өтті: аудандар бойынша – Тереңкөл (28%), Май (16,6%), Аққулы (15,6%), Ақтогай (13,3%), Успен (7,8) және Ертіс (6,1%), қалалар көлемінде - Ақсу (9,2%), Екібастұз (7,7%) Павлодар (6,2).

Сырқаттанушылықтың өсуінің негізгі себебі тұрғындардың карантиндік шараларды сақтамауында болып отыр. Мәселен, Ақтоғай  ауданында  тәулік ішінде  КВИ ауруының  4 жағдайы тіркелді. Бір адам қоғамдық орында  - Павлодар қаласындағы «Мечта» сауда үйіне жеке қорғаныс құралдарынсыз  барған  кезде жұқтырған.

Екінші жағдайда  инфекция жұмыста  әріптестерімен мерекелік түскі ас кезінде жұққан. Көп ұзамай байланыста болған барлық әріптестерде КВИ белгілері анықталды. Үшінші жағдайда, зейнеткер дене қызуы көтеріліп, КВИ ның  басқа белгілері болғанымен, медициналық ұйымға хабарласпай, өзін-өзі емдеген.

Тағы бір жұқтыру жағдайы  отбасында, үй ішінде тығыз байланыста болғанда орын алған. Тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тығыз байланыста болған адамдар қатарына 27 адам кірді, олардың барлығынан ПТР зерттеу үшін материал алды.

Дүкендер мен қоғамдық көліктерде  адамдар  медициналық бетперделер кию, арақашықтықты және дезинфекциялау режимін сақтау сияқты карантиндік шаралар талаптарын ескермейтіндігі өңір мамандарын алаңдатып отыр.