Қарағанды облысы 2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап «сары аймаққа» өтті

Қарағанды облысы 2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап «сары аймаққа» өтті

2020 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша Қарағанды облысында барлығы 12 782 коронавирустық инфекция жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 899,8 құрады. Ауру құрылымында ауру белгілері - 54,9%  және ауру белгілерінсіз вирус тасымалдаушылар - 45,1%.

Эпидемиологиялық жағдай күрделі деп бағаланып отыр, коронавирустық инфекция бойынша сырқаттанушылықтың күнделікті өсуі тіркелуде.

Сондықтан, аурудың өршуіне жол бермеу мақсатында облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы талаптарының сақталуын қатаң қамтамасыз ету қажет. Балаларға, жасы үлкен адамдарға және ауруға өте сезімтал созылмалы аурулары бар адамдарға ерекшеназар аудару қажет. Сіздің денсаулығыңыз, жақындарыңыздың денсаулығы өзіңіздің қолыңызда, сондықтан оқшаулануды, биоқауіпсіздік ережелерін (бетперде тағу, антисептиктерді қолдану, әлеуметтік қашықтық) сақтауларыңыз қажет.

Қазіргі уақытта жекелеген аумақтарда да, жалпы облыс көлемінде карантиндік іс-шараларды қабылдау мәселесі қарастырылуда.

Қарағанды облысының Бас санитариялық дәрігері барлық азаматтарды карантиндік шаралар мен шектеулерді мүлтіксіз сақтауға шақырды, бұл коронавирустық инфекцияның таралуын бақылаудың жалғыз жолы болып табылады.