Алматы қаласында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай қауырт күйінде қалып отыр

Алматы қаласында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай қауырт күйінде қалып отыр

Алматы қаласында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай бүгінгі күні қауырт күйінде қалып отыр - Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасында сары аймақта болуы жалғасуда. Эпидемия басталғаннан бері Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның 20 111 оқиғасы (100 мың тұрғынға шаққанда 1 007,2), сондай-ақ 1 547 коронавирустық пневмония тіркелді. 2020 жылғы желтоқсан айының бірінші онкүндігімен салыстырғанда коронавирустық инфекция бойынша сырқаттанушылық 1,7 есеге дейін өскен, бұл азаматтардың қоғамдық орындарда және көлікте шектеу шаралары мен маска-қолғап режимін үнемі бұзуына байланысты. 

Эпидемиологиялық тергеу және эпидемиологиялық талдау деректері бойынша сырқаттанушылық 20-39 жас аралығында – 35% және 40-59 жас аралығында - 31% байқалады, бұл корпоративтік кештерді өткізумен және жаңа жыл алдындағы және келесі демалыс күндері сауда объектілеріне барумен байланысты.  

Жұқтырудың негізгі орындары қоғамдық орындар (сауда, қоғамдық тамақтану объектілері) – 41%, отбасылардағы байланыс – 27% және қоғамдық көлік – 21% болып табылады, осыған байланысты сақтық шараларын тағы да еске саламыз, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу, маскаларды дұрыс пайдалану, жеке гигиенаны сақтау, зейнеткерлер мен балалардың тұрғын үйлерден шығуын шектеу. Респираторлық инфекциялар симптомдары пайда болған жағдайда жеке бөлмеде оқшауланып, учаскелік дәрігерді үйге шақыру және коронавирустық инфекция диагнозы қойылған кезде жақын адамдарын, туыстарын және көршілеріне жұқтырып алмау үшін карантиндік стационарға жатқызудан бас тартпау керек.