Жамбыл облысында жыл басынан бері рұқсат берілмеген уақытта жұмыс істеген 21 мекеме анықталды

Жамбыл облысында жыл басынан бері рұқсат берілмеген уақытта жұмыс істеген 21 мекеме анықталды

Жамбыл облысы бүгінгі таңда "жасыл аймақта" тұр. Облыс тұрғындары арасында COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандары тынымсыз жұмыс істеуде. Өткен тәулікте, 2021 жылдың 13 қаңтарында Жамбыл облысында COVID-19 ауруының 13 жағдайы, ал соңғы екі аптада - 192 жағдайы тіркелді.

Өкінішке орай, мониторингтік топтардың рейдтерінің қорытындылары, халықтың бір бөлігі әлі күнге дейін шектеу шараларын сақтау қажеттілігін түсінбейтінін көрсетеді. Атап айтқанда, кеше, 2021 жылғы 13 қаңтарда Тараз қаласының мониторингтік тобы Б.Момышұлы көшесінде орналасқан "NURSAT" кафесі түнгі сағат 00.00-ден кейін жұмысын жалғастыратынын анықтады. Аталған құқық бұзушылық бойынша кафе иесіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл салу бойынша іс жүргізілуде.

Құрметті қазақстандықтар! Еліміз COVID-19  эпидемиясы бойынша "сары аймаққа" енді. Бүкіл әлемде пандемияның екінші толқыны өршіп тұр. Сондықтан босаңсуға әлі ерте. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген шектеу шараларын бұзбауды және қоғамдық орындарда бетперделік және қашықтық режимді сақтауды сұраймыз. Індетті бірге жеңейік!