Шымкент қаласы бойынша коронавирустық инфекциясының алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан мониторинг жұмыстарының қорытындысы

Шымкент қаласы бойынша коронавирустық инфекциясының алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан мониторинг жұмыстарының қорытындысы

Департамент тарапынан коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында, Шымкент қаласының Бас санитарлық дәрігерінің қаулыларында көрсетілген объектілерде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуы бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізуде.

2020 жылы барлығы 1436 рейдтік тексерулер жүргізіліп, 18458 нысан мониторингпен қамтылған.

Соның ішінде: 10858 тағам нысандары, 7271 коммуналдық нысандар, 329 балалар және жасөспірімдер нысандары ( 77 балабақша, 251 мектеп, 1 балалар оңалту орталығы).

Мониторингпен қамтылған 10858 тағам нысандарының ішінде:

- қоғамдық тамақтану орындары – 3744;

- сауда орындары – 6928;

- базарлар - 13

- тамақ өнеркәсібі - 173.

Мониторингпен 7271 коммуналдық нысандар қамтылған, соның ішінде: коммуналдық нысандар – 5782, өндірістік нысандар – 865, медициналық нысандар – 358, стоматологиялық кабинеттер- 266.

Балалар және жасөспірімдер нысандарынан барлығы 329 нысан (77 балабақша, 251 мектеп, 1 балалар оңалту орталығы) мониторингпен қамтылды.

Мониторингпен қамтылған барлық объектілерде коронавирустық инфекцияның (COVID -19) таралуына жол бермеу бойынша санитариялық-ағарту, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мониторинг қорытындысы бойынша 1492 жауапты тұлғаларға (жеке кәсіпкер- 128, лауазымды тұлға-6, жеке тұлға – 1347, заңды тұлға - 11) хаттама толтырылып, жалпы сомасы 103 952 760 теңгеге айыппұл салынды. Соның ішінде бүгінгі күнге дейін өсімімен 574 қоғамдық тамақтану (кафе, мейрамхана, тойханалар, асханалар) орындарына карантиндік талаптарды орындамағаны үшін 41 754 475 теңгеге айыппұл салынды. Осы нысандарда келесі кемшіліктер анықталған: (нысандарда жұмыс істеу режимінің сақтамағандығы, мерекелік жиындардың туған күн, бесік той, қыз ұзату, құдалық және басқа, өткізілгендігі, бетперделер мен қолғапттарсыз жұмыс істеуде, нысанда әлеументтік ара қашықтық сақталмағандығына, санитайзерлері жоқ, дезинфекциялық режим қадағаланбаған)

Ал, азық-түлік сауда орындары бойынша карантин талаптарын бұзғандары үшін 477 хаттама сауда қатарларына қатысты тұлғаларға толтырылып, 31 624 355 теңгеге айыппұл салынды.

Сақтық шараларын сақтамаған жеке заңды тұлғалардың нысандарында карантиндік талаптарды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп БАҚ арқылы жариялау жұмыстары жалғасуда.