
Түркістан облысында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында 2021 жылғы 1-7 қаңтар аралығында республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында көрсетілген шектеу шараларын тексеріп, мониторингілеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық әкімдік жанынан 104 мобильді топ құрылған.
Мобильдік топ құрамында: әкімдік қызметкерлері, кәсіпкерлік палатасы, полиция басқармасы және еріктілер бар.
Мобильді топтармен 1-7 қаңтар аралығында жүргізілген мониторингтік жұмыстарының нәтижесі бойынша 612 нысан тексеріліп, 83 айыппұл салынды. Оның ішінде ҚР ӘҚБт Кодексінің 425 бабының 1-тармағымен 82-жеке тұлғаға 30 АЕК көлемінде (3 587 910т), 1 жеке кәсіпкерге 230 АЕК (335 455 т) айыппұл салынып, хаттамалар толтырылған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 3 923 365 теңгені құрайды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес, егер алғашқы 7 күн ішінде айыппұлды өтейтін болса 50 пайыз жеңілдік жасалынады.