
Құрметті отандастар, православтық христиандар!
Сіздерді жарқын мереке - Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер.
⠀
Біздің еліміз, Қазақстан Республикасы, өзінің мәдени сан алуандығымен және бейбітшілік пен келісімді насихаттайтын барлық конфессияларға деген ізгі ниетімен әлемге әйгілі.
⠀
Әр түрлі халықтардың, дәстүрлер мен тілдердің бірлігі мен достығына қол жеткізу – Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың сарабдал саясатының нәтижесі. Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлем үшін дінаралық және ұлтаралық келісім салтанат құрған тату елдің жарқын үлгісіне айналып отыр.
⠀
Рождество – мейірім пен ізгіліктің, айналамыздағыларға деген үміт пен махаббаттың мерекесі. Осы күні айтылған барлық ізгі тілектер орындалсын, ал жылы лебіздер Отанымыздың үйлесімділігі мен гүлденуін нығайтып, Қазақстан мен бүкіл әлемде пандемияның тез арада аяқталуына септігін тигізсін.
⠀
Мейрамдарыңызбен!
ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті