Алматыда сот шешімімен 5 ойын-сауық мекемесінің қызметі тоқтатылды

Алматыда сот шешімімен 5 ойын-сауық мекемесінің қызметі тоқтатылды

Алматы қаласы бойынша аудандық әкімдіктер жанында 32 мониторингтік топ жұмыс істейді, олар Қазақстан Республикасының және Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындау бойынша күн сайын бақылау жүргізуде. 2020 жылғы 8-ші қазанынан 30 желтоқсан аралығында 648 рейд жүргізіліп, 5 464 нысан рейдтермен қамтылды, карантиндік шараларды бұзудың 1100 (20,1%) фактісі анықталды.

Мониторингтік топтардың тексеру нәтижелері бойынша келесі шаралар қабылданды: ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі шектеу іс-шараларын сақтамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 959 хаттама жасалды. Оның ішінде: заңды тұлғаларға – 48 млн. теңге сомасына 243 хаттама; ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігі бойынша жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін 29 млн. теңге сомасына 716 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

2020 жылдың қараша айынан бастап 16 материал сотқа берілді, олардың 5 іс бойынша қызметтін тоқтату және 100 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салу туралы шешім қабылданды.

МХӘС (мамандандырылған халықаралық әкімшілік соты) төмендегі материалдар жіберілді:

  • Медеу ауданы бойынша: «Манана» мейрамханасы, «Отырар бар», «Центральный» кафесі, «Hookan Dreems» лануж-бары, «Nebo» бары, «Orange» мейрамханасы, «Артист» бары;
  • Түрксіб ауданында: «Раяна» мейрамханасы, «Атлантида» бильярд клубы, «Прованс» кафесі;
  • Алмалы ауданында: «Арагоста» кафесі, «Дегирмен» мейрамханасы, «Дореми» караокесі;
  • Әуезов ауданында: «Мята» лаундж-бары, «Алмалы» караоке-бары, «Playstation Go» ойын клубы.