Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 3 қаңтардағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 3 қаңтардағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 645 жағдай тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 157 579 жетті.
Оның ішінде:

- Шығыс Қазақстан облысында - 18994 (+48),

- Алматы қаласында - 18847(+105),

- Нұр-Сұлтан қаласында -18709(+58),

- Атырау облысында - 13741(+51),

- Қарағанды облысында - 12217(+27),

- Батыс Қазақстан облысында - 9322(+35),

- Павлодар облысында - 9408(+72),

- Солтүстік Қазақстан облысында - 8799(+56),

- Қостанай облысында - 7740(+58),

- Ақмола облысында - 7422(+58),

- Алматы облысында - 7268(+38),

- Шымкент қаласында -5517(+1),

- Жамбыл облысында - 5039(+9),

- Маңғыстау облысында - 3748(+13),

- Ақтөбе облысында -3707(+3),

- Түркістан облысында - 3697(+10),

- Қызылорда облысында -3404(+3).

 

Қазақстанда 752 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан қаласында - 60,
Алматы қаласында - 265,
Ақмола облысында - 101,
Алматы облысында - 23,
Атырау облысында - 39,
Шығыс Қазақстан облысында - 110,
Батыс Қазақстан облысында - 38,
Қарағанды облысында - 31,
Қостанай облысында - 18,
Қызылорда облысында - 1,
Павлодар облысында - 32,
Солтүстік Қазақстан облысында - 32,
Түркістан облысында - 2.

Елімізде барлығы 144 710 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

 

2021 жылдың 4 қаңтарындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат

4 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 710 адам короновирус инфекциясынан (10 533 КВИ+ және 12 177 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 132 пациент стационарда, 17 578 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 288 адамның жағдайы ауыр;
• 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

 

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2021 жылғы 2 қаңтардағы мәлімет бойынша 38 жағдай тіркеліп, 1 жағдай өліммен аяқталған. 47 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 45 984, өлім жағдайлары - 509, барлығы 33 298 адам сауығып шықты.