
Шымкент қаласында 2020 жылдың 1 қыркүйегінен 30 желтоқсанына дейін оқушылар арасында зертханалық расталған COVID-19 24 жағдай тіркелді. Коронавирустық инфекциясыныңның (бұдан әрі – КВИ) барлық жағдайлары бойынша Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі-Департамент) қызметкерлері тарапынан эпидемиологиялық тексерулер жүргізілді. Осылайша, КВИ – дің 24 жағдайының 6 күндізгі (оффлайн) режимде, 18-і қашықтықтан (онлайн) оқу форматында оқығаны анықталды. Үйде ауырып қалған барлық балалар үй ошағында қарым-қатынаста болуына байланыста болған. Департамент тарапынан КВИ таралуын болдырмау мақсатында барлық қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізді, оның ішінде 5 мектепте 14 күнге карантин режимі енгізіліп, балалар офлайн форматында оқыды.
Санитариялық-эпидемияға қарсы талаптарды сақтау бойынша коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға, бағытталған мектептерде тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Оқу жылының бірінші және екінші тоқсанының қорытындысы бойынша қаланың барлық 165 мектебі мониторингпен қамтылып, мониторинг барысында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, 2020-2021 оқу жылының басынан бастап ерекше тәртіппен 58 жалпы білім беретін мектеп тексерілді. Осы тексерулердің нәтижелері бойынша жауапты тұлғаларға 59 хаттама толтырылып, 10 000 800 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, бұзушылықтарды жою туралы 58 ұйғарым берілді.
Шымкент қаласында барлық жалпы білім беру объектілері күшейтілген түрде санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға алынған.