
Құрметті қазақстандықтар! Қадірлі достар!
Өтіп бара жатқан 2020 жыл бүкіл әлем үшін, сондай-ақ біздің Отанымыз үшін де оңай болған жоқ. Коронавирустық инфекция пандемиясы біздің көптеген проблемаларымызды ашып көрсетті, бірақ сонымен қатар ол күшті жақтарымыз – қауіп алдында бірігу, өзара көмек, қайырымдылық сияқты қазақ халқына тән қасиеттерімізді де көрсетті. Жаңа жыл – бұл көптен күткен мереке, ол жаңаруды және жақсы өзгерістерге бет бұруды білдіреді. Ол – ғажайыпты және ізгі тілектердің орындалуын күту. Ол – жақсылық пен жаңа үміттің символы.
Биылғы жылы бүкіл әлем ең маңызды тілек – пандемияны жеңуді тілейді, ал басты сыйлық – ол, әрине, біздің жақындарымыздың денсаулығы. Біз осы тілегіміздің мүмкіндігінше тезірек орындалуы үшін барынша күш сала аламыз.
Ол үшін мерекені үйде, өз отбасыларыңызбен қарсы алу жеткілікті, жақын адамдарыңызбен ең басты тілектеріңізбен бөлісу және балаларыңыздың үміттерін, армандары мен ұмтылыстарын білген керемет емес пе. Өзіңізге жақын адамдарға қамқорлық жасап, көңіл бөліп, мерекелік үстелді бірге жасаңыздар. Жаңа жылдың ең алдымен дәстүрлі отбасылық мереке екенін еске түсірейік.
Сонымен бірге, өзіңізді, жақындарыңызды және айналаңыздағы адамдарды коронавирустық инфекциядан қорғайтын маңызды ережелерді ұмытпаңыздар: қолыңызды үнемі жуыңыздар, антисептик қолданыңыздар, маска режимін сақтаңыздар. Мерекелік үстелге азық-түлік және жақындарыңызға сыйлық алуға барғанда әлеуметтік қашықтықты сақтаңыздар. Мерекедегі демалыс күндері өте сақ болып, көп адамдармен қарым-қатынас жасамауға кеңес беремін.
Жаңа 2021 жылы баршаңызға денсаулық, амандық, сүйікті Отанымыздың өркендей беруін тілеймін! Жаңа 2021 жыл жағымды жаңалықтарға толы болсын! Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!
Құрметпен,
Айжан Есмағамбетова
ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы