
Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнімді іріктеу және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу арқылы ай сайын өнімнің қауіпсіздік мониторингісін жүзеге асырады.
Ағымдағы жылдың 11 айында 1900 тамақ өнімі сараптамаға алынған. Жүргізілген сараптама нәтижесінде норма талаптарына сәйкес келмеген 195 анықталды.
Сәйкес келмеген таңбалау бойынша -164 сынама, физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша-12 сынама, санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша -17 сынама және қауіпсіздік көрсеткіші (тұтынушыны алдау) -2 сынама.
Кішігірім сәйкес келмеу пайызы сүт өнімдерінде де анықталды.
Сүт өнімдерінің 184 сынамасы сатып алынып, зерттелген. Іріктелген сынамалардың 5-еуі норма талаптарына сәйкес келмеген.
Физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша - 3, таңбалау бойынша– 2 сынама.
Сәйкес келмеген сынамалардың өндірушісі Ресей Федерациясы - 2 сынама, отан өндірушілері - 3 сынама.
Кеден одағының техникалық регламент талапртарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша сауда объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар таратылды.
Сәйкессіздік анықталған өнім туралы ақпарат «Сәйкес келмейтін өнім тізілімінде» жазылған. Әр тұтынушы жалған және сапасыз өнімдер туралы мына http://reestr-np.kz/kaz/ сілтеме бойынша ақпарат ала алады.