Шектеу шараларын бірнеше рет бұзған 6 нысан ауданаралық экономикалық сот шешімімен қызметі уақытша тоқтатылды

Шектеу шараларын бірнеше рет бұзған 6 нысан ауданаралық экономикалық сот шешімімен қызметі уақытша тоқтатылды

Батыс Қазақстан облысы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында облыста 158 мониторингтік топ құрылып, санитарлық талаптардың орындалуын тексеру үшін нысандарға рейд жүргізуде. Мониторингтік топтардың жұмысы 25 желтоқсаннан бастап күшейтілді.

Мониторингтік топтардың құрамында: әкімдік және полиция қызметкерлері, волонтерлер, қоғамдық ұйым өкілдері бар.

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 1-27 күндері аралығында мониторинг топтары арқылы облысымызда 511 нысанға рейд жүргізіліп, оның 182-сінен бұзушылық табылды. Оларға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі 425-бабының 1-бөлігі бойынша 87 хаттама толтырылып, 5 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Анықталған құқықбұзушылықтар сағат 00.00-ден кейін жеке көлікпен жүру (53), көпшілікпен өткізілетін  іс-шара (20), жұмыс режимін бұзу (10), бетперделік режимді сақтамау (4) бойынша болып отыр. 

Сонымен қатар, шектеу шараларын бірнеше рет бұзған 6 нысан ауданаралық экономикалық сот шешімімен қызметін уақытша тоқтатты.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.