Ақтөбе облысында шектеу шараларын өрескел бұзушылардың жұмысы тоқтатылады

Ақтөбе облысында шектеу шараларын өрескел бұзушылардың жұмысы тоқтатылады

Қазіргі таңда мобильді мониторингтік топтардан және жергілікті полиция қызметінен түскен материалдарға сәйкес, ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша анықталған бұзушылықтар үшін 169 592 630  теңге көлемінде 1251  айыппұл салынды.

Бүгінгі күні Координациялық орталықтардан түскен шұғыл хабарлама негізінде жоспардан тыс 19 тексерулер жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 18 объектіге 5 028 180 теңге көлемінде айыппұл салынды, 18 ұйғарым берілді, объектінің жұмысын тоқтату бойынша 13 материал әкімшілік сотқа жіберілді.

Атап айту керек, шектеу карантиндік шараларын бірнеше рет бұзған 13 нысан бойынша материалдар (қоғамдық тамақтану объектілері салтанатты, отбасылық, ұжымдық іс-шаралар өткізді, караоке, компьютерлік клубтар жұмыс істеді) қызметін тоқтату үшін әкімшілік сотқа берілді.  Ол объектілер мыналар: «Диана», «Андр», «Салтанат сарайы», «Дулат», «1001 түн»,  «Ғарыш»,  «Нұр», «Хан Орда» мейрамханалары, «Душа» караоке клубы,  «Virtual club» , «Sun STRIKE» ойын клубы (компьютерлік)  және т.б.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар жанынан ұйымдастырылған мобильді топтар тарапынан кәсіпкерлік объектілерінде шектеу карантиндік шараларын сақтау бойынша мониторинг күшейтілетінін еске саламыз.

Облыста коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында Ақтөбе облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті барлық кәсіпкерлік субъектілеріне жаппай жаңа жылдық іс-шараларын өткізуге (оның ішінде ертеңгіліктер, корпоративтер), меншік нысанына қарамастан барлық объектілер мен ұйымдарда ұжымдық, топтық мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтер мен кейтеринг қызметтерін көрсетуге тыйым салынғандығын  ескертіп, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырады.