
Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында қала базарлары мен сауда нысандарында көптеген бенгал оттары, түтіндету құтысы, петарда, фейерверк және басқа да пиротехникалық бұйымдардың сатылуы көбейеді.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті келесі шараларды ұсынады:
- сауда нысандарынан жарамдылық мерзімі өткен, бұзылу белгілері бар және қолдану нұсқамасы жоқ пиротехникалық бұйымдарын сатып алмауды;
- қолдану алдында өндіруші нұсқамасымен мұқият танысуды;
- білте жағу алдында бұйымның қай бөлігінен шоқтардың шығатынын анықтап алуды. Фейерферктерді көрермендерге қаратуға болмайды;
- фейерверктерді жандыру алдында ағаш, электр тарату желісі өтпейтін және басқа да бөгеттері жоқ ашық, түзу алаңдарды таңдауды. Сонымен қатар, пиротехникаың тұрғын үйлерден кемінде 50 м қашықтықта орналасуы қажет;
- жанып жатқан петардаларды адам және жануарларға лақтырмауды, оларды қолда ұстамауды;
- балаларға петардалар жағуға тыйым салуды;
- ешбір жағдайда пиротехника алдында еңкеймеуді;
- петарда жанбай қалған жағдайда оны тексермеуді немесе қайта жақпауды.
Сонымен қатар, пиротехникалық бұйымдарды сатушы заңды және жеке тұлғаларда Кеден Одағының талаптарына сәйкестік жөніндегі декларациясы болуы қажет.