Түркістан облысында карантин талаптарын бұзғандарға 260 млн теңгеден астам айыппұл салынған

Түркістан облысында карантин талаптарын бұзғандарға 260 млн теңгеден астам айыппұл салынған

Түркістан облысында коронавирусты инфекцияның алдын алу мақсатында 5 шілде мен 22 желтоқсан аралығында карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын объектілерге мониторинг жұмыстарын жүргізу үшін әкімшілік жанынан 102 мобильді топ құрылған. Мобильдік топ құрамында - әкімдік қызметкерлері, кәсіпкерлік палатасы, полиция басқармасы және еріктілер бар. Жүргізілген мониторингтік жұмыстардың нәтижесі бойынша  263  229  390  теңге көлемінде айыппұл салынған.

Атап айтқанда, мобильді топтармен жүргізілген мониторингтік жұмыстардың нәтижесі бойынша 42 594  нысан араланып, 5137 айыппұл салынды оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабының 1-тармағымен 4960 жеке тұлғаға 30 АЕК көлемінде (206 683 200 тг), 103 жеке кәсіпкерге (32 905 410 тг), 12 заңды тұлғаға (3 833 640 тг), 62  лауазымды тұлғаға (19 807 140  тг) хаттамалар  толтырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес егер 7  күн ішінде айыппұлды өтейтін  болса 50 пайызы ғана төленеді.

Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін анықталған 136 беташар, 65 келін түсіру, 79 қыз ұзату,  16 құдайытамақ, 183 құдалық, 39 бесік той, 8 тұсаукесер, сүндет той, 51 ұжымдық жиын,  жалпы  577 отбасылық мерекелік іс-шаралар тоқтатылып, әкімшілік  айыппұлдар салынған.