Маңғыстау облысында пандемия басталғалы 851 карантиндік шектеу бұзушылығы анықталды

Маңғыстау облысында пандемия басталғалы 851 карантиндік шектеу бұзушылығы анықталды

Елімізде пандемия басталғанынан бері,  24 бақылау тобы карантиндік талаптардың 851 бұзушылық анықтады. Олардың көпшілігі ұжымдық іс-шаралар ұйымдастырумен байланысты.

Мониторинг тобы 934 рейд жүргізіп, 3154 объектіне тексеріс жүргізді. Рейд барысында 153 объектте карантин талаптарын бұзушылықтар анықталды, 136 әкімшілік хаттамалары толтырылды: 24 жеке кәсіпкерлер, 111 жеке тұлғалар, 1 заңды тұлғалар. Карантиндік талаптарды бұзудың барлық анықталған фактілері үшін жалпы сомасы 12 612 120 теңге әкімшілік айыппұлдар салынды.

Карантиндік бұзушылықтардың басым бөлігі Ақтау қаласының үлесіне келіп отыр - осында 57 айыппұл салынды.

Мысалы, мониторинг тобы ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Ақтау қаласында орналасқан «Портал» компьютерлік клубында карантиндік іс-шаралардың бұзушылықтарын анықтады. Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 15.12.2020 жылғы № 43 қаулысына сәйкес, компьютер клубтарының қызметтері тоқтатылған. Анықталған карантиндік талаптарды бұзу фактісі бойынша жеке тұлғаға жалпы сомасы 41 670 теңге әкімшілік айыппұл салынды.