
Атырау облысы Covid-19 жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл аймаққа» кірді. Екі апта ішінде ауру 1,5 пайызға өсті (297-ден 454 жағдайға дейін).Күн сайын өңірде 70 және одан да көп жаңа жағдай тіркелуде.
Өңірде мәдени нысандардың, театр, кинотеатр, музей мен барлық ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын аландары (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтардың, барлар, караоке,компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің қызметін, мерекелерді ұйымдастыру бойынша кейтерингтік қызметтер мен қызметтер көрсетуді, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда) қызметі уақытша тоқтатылады.
Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 60% - ы, жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің 50% - ы қашықтан жұмысқа ауыстырылды.
Осы орайда, аурашаңдықтың басым бөлігі (50,7 %) «Теңіз» кен орынынан анықталуда. Осыған байланысты, Теңіз кен орнында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Теңіз кен орнының кіре берісі мен шыға берісіндегі блок-бекеттер жұмысын жалғастыруда, вахтаға келген және шыққан кезде барлық қызметкерлерге ПТР-тестілеу жүргізілуде, ошақтарда қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, оқщаулануда,бетперде режимі мен вахталарды ауыстыру алгоритмі, жұмысшыларды қызметтік көліктермен тасымалдауға қойылатын ерекше талаптар сақталуда.Теңіз кен орнындағы сырқаттанған адамдардың 60 %-ы профилактикалық мақсатта жүргізілген скринингтік тексерудің нәтижесінде белгілі болып жатыр. Науқастармен қарым- қатынаста болған жұмысшылар оқшауланып, медициналық көмек көрсетілуде.
Сонымен қатар, 20 желтоқсанда анықталған жағдайлардың ішінде 12 адам - Атырау қаласының, 4 - Жылыой ауданының, 1-Құрманғазы ауданының тұрғындары, ал қалған 32 адам - Теңіз кен орнының қызметкерлері.