Павлодар облысында 36 объект карантин режимін жүйелі түрде бұзып келген

Павлодар облысында 36 объект карантин режимін жүйелі түрде бұзып келген

2020 жылдың 17 тамызынан бастап 3599 рейд жүргізілді, оның барысында 13691 объект  тексерілді.  Шектеу шараларын бұзу 102 қоғамдық тамақтандыру объектілерінде, оның ішінде 7 барда, 72 дәмханада, 19 мейрамханада және 2 клубта анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 102 хаттама  жасалды, оның ішінде - бір ЖШС не , 2 жеке кәсіпкер, 77 жеке тұлғаға қатысты. Сотқа бір іс жіберілді. Бұдан басқа, 2020 жылдың 27 қазанынан бастап шектеу шараларын жүйелі түрде бұзуға жол беретін 36 объект тіркелді. Өрескел бұзушылардың көпшілігі Павлодар қаласында анықталды  - 27.

Облыс орталығында шектеу шараларын жүйелі түрде бұзған объектілер - «Терраса» дәмханасы; «Арнау» мейрамханасы,  «Мангал» дәмханасы; «Малина» дәмханасы;  Бар «Tuda» ; рестобар Галерея»; «Pablobar» кафесі; Лаундж-бар «Rocks»; «Барс»; «Сантос кофе хаус» кафесі;  «Promenad» кафесі;  «Шашлык номер 1» дәмханасы; Караоке-бар «Pastila, «Царские бани», сауықтыру кешені «Seven bar club», Гриль-бар «Coffeine», «Лотос» дәмханасы; «Джаконда» мейрамханасы, «El Casa» дәмханасы ; «Челентано» кафесі;«Jelsomino» караоке-мейрамханасы, караоке - бар «Сторис», «Беерландия» мейрамханасы; Качирская,33 «Банный дворик», Спорткешен «Орлан»; «Гараж дәмханасы.

Осы уақыт аралығында Екібастұз қаласында  7  бұзушылық анықталды – олар  "Felicita» мейрамханасы;  "Думан" СҮ, "Центр одежды и обуви" бөлімі; "Хромой Синий Кот" Бары; «Узбекистон» кафесі "КАМ Кальяно» сауықтыру орталығы; «Алтын Ғасыр», «Doner  Bakinskiy+ Pizza» кафелері. Ақсу қаласында 2 бұзушылық - «С.А.-Нур» дүкені,  Нурсеитова В.С., «Мутный глаз» дүкені, ЖК Петухов.

Бұзушылықтардың негізгі фактілері топтық іс-шараларды өткізу, бетперде режимін бұзу, дезинфекция режимін бұзу, жұмыс уақыты режимін бұзу болып табылады.