Жамбыл облысында ПТР әдісімен зертханалық талдаулардың өзекті мәселелері талқыланды

Жамбыл облысында ПТР әдісімен зертханалық талдаулардың өзекті мәселелері талқыланды

Жамбыл облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің базасында, облыс аумағында коронавирусты инфекцияға ПТР талдау жүргізетін зертхана меңгерушілері, Тараз қалалық және Байзақ, Жамбыл аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары, Жамбыл облысы полиция департаменті, оңтүстік өңірлік қолбасшылығы, 5513 әскери бөлімі, Жамбыл облысы қылмыстық атқару жүйесі департаменті, ұлттық қауіпсіздік коммитеті өкілдері қатысуымен жұмыс жиналысы өткізілді.

Жиналыстың басты мақсаты: коронавирусты инфекцияның алдын алу, ведомствоаралық оперативті ақпарат алмасу, барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра ошақта эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу және зертханалық зерттеу нәтижелерін дұрыс, толық, уақытылы ұсыну.

Жиналыста Коронавирусты инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы, ошақтардағы эпидемияға қарсы алдын алу шараларын дер кезде ұйымдастыру және зертханалық қызметтердің ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеудің оң нәтижесі анықталған жағдайлар туралы хабарлау бойынша айтылды. Короновирустың 2-ші толқынына дайындық ретінде бір реттік және көп реттік киюге арналған обаға қарсы киімдерді дұрыс кию және шешу тәртіптерін қатаң сақтау туралы және емдеу, алдын-алу мекеме қызметкерлерінің, әскери қызметкерлердің, зертхана қызметкерлерінің, аумақтық басқарма қызметкерлерінің дайындықтарына аса көңіл бөлулерін, барлық мекемелердің бір-бірімен ақпарат алмасып, тығыз байланыста жұмыс жасаулары талап етілді.