
Атырау облысы халқының 99,6%, негізінен жер үсті су көздерімен қамтамасыз етілген. Қалған 0,2% жер асты су көзін және 0,1% тасымалданатын суды пайдаланады.
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен 2020 жылы барлығы 10 су тазарту қондырғысы ерекше тәртіп бойынша тексерілді.
Сумен тазарту объектілеріне ағымдағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізу кезінде санитарлық ережелерді бұзғаны үшін басшыларға – 3 санитарлық ұйғарым беріліп, 680610 теңге көлемінде 3 айыппұл салынды.
2020 жылы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Атырау филиалының зертханаларында орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерінен алынған санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 40 су сынамасы зерттелді, оның ішінде 1 (3%) сынама органолептикалық көрсеткіштер бойынша сәйкес келген жоқ. Бұл сәйкессіздіктердің себебі технологиялық және дезинфекциялық қондырғылардың істен шығуы, су тазарту қондырғыларында уақытылы көктемгі жуып-шаю жұмыстарының жүргізілмеуі.
Ал микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 40 сынама зерттелді, оның 1-і (3%) жалпы микробтық саны бойынша сәйкес келген жоқ.
Анықталған бұзушылықтарға байланысты дезинфекциялық және жуу жұмыстары жүргізілді, су сапасына екі рет қайта бақылау жүргізілді. Нәтижесінде сәйкессіздіктер анықталған жоқ.
Ауыз судың сапасын бақылау мақсатында облыста зертханалық мониторинг жүйесі енгізілді, оған сәйкес бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеулер жүргізіледі.
2019 жылмен салыстырғанда су сапасы нашарлаған жоқ. 2020 жылы Атырау облысында су факторына байланысты жұқпалы аурулар тіркелмеді.