
Құрметті қазақстандықтар! Бүгін – халқымыз үшін маңызды және айтулы күндердің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
Әр жылдың 16 желтоқсанында біз тарихымызбен егемендігімізге әкелген осы бір қиын жолды еске аламыз. Біз батырларымыздың жанкештілігіне тәнтіміз. Олардың отансүйгіштігі мен батылдығының арқасында бүгінде, әлемдік саяси аренада өзін жылдам әрі сенімді түрде жариялаған жас мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.
90-жылдардың басында Қазақстан өзінің егемендігін жариялады. Осы уақыт ішінде біздің даңқты жерлестеріміз ғылым, өнер, спорт сияқты түрлі салаларда көптеген белестерді бағындырды. Көк байрағымызды әлемнің түкпір-түкпіріде таниды және жақсы көреді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қосқан үлесінің арқасында, Қазақстан бүгінде тұрақты және гүлденген болашаққа сенімді қадам басып келеді.
Тәуелсіздігіміз –басты байлығымыз, құн жетпес қазынамыз. Біздің міндетіміз - мемлекетіміз - Қазақстан Республикасын нығайту мен жасампаздығын жалғастыру!
Біз әр отбасына зор денсаулық, бейбітшілік пен амандық, жылулық пен бақыт тілегіміз келеді! Мереке және демалыс күндері карантиндік шараларды сақтаудың маңыздылығын ұмытпаңыз, адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыз және мүмкін болса үйде болыңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!