Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 661 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 142 986 жетті.
Оның ішінде:
- Шығыс Қазақстан облысында - 17890 (+60),
- Нұр-Сұлтан қаласында -17181(+47),
- Алматы қаласында - 17124(+74),
- Атырау облысында - 12146(+39),
- Қарағанды облысында - 11510(+32),
- Батыс Қазақстан облысында - 8607(+43),
- Павлодар облысында - 7805(+71),
- Солтүстік Қазақстан облысында - 7579(+70),
- Қостанай облысында - 6469(+72),
- Алматы облысында - 6264(+37),
- Ақмола облысында - 6275(+68),
- Шымкент қаласында -5439(+3),
- Жамбыл облысында - 4730(+30),
- Ақтөбе облысында -3585(+2),
- Түркістан облысында - 3547(+4),
- Маңғыстау облысында - 3510(+5),
- Қызылорда облысында -3325(+4).
Қазақстанда 914 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан қаласында - 28,
Алматы қаласында - 240,
Ақмола облысында - 42,
Ақтөбе облысында - 10,
Алматы облысында - 15,
Атырау облысында - 23,
Шығыс Қазақстан облысында - 158,
Батыс Қазақстан облысында - 38,
Қарағанды облысында - 18,
Қостанай облысында - 283,
Павлодар облысында - 58,
Түркістан облысында - 1.
Елімізде барлығы 127 096 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Үстіміздегі жылдың 15 желтоқсандағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 738 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 041 бала бар. Стационарларда 4 187 науқас жатыр. 21 450 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 239 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 37 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 37 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
2020 жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
Өткен тәулікте 22 жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 90 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 43 974, өлім жағдайлары - 466, барлығы 31 609 адам сауығып шықты.