
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы №65 Қаулысының 6-қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік және екі жақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер термометриядан, сауалнамадан өтеді және ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтаманы (бұдан әрі – Анықтама) ұсынады.
Анықтама болмаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жүргізушілер ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді. ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін материал алынғаннан кейін межелі жеріне дейін маршруты бойынша жол жүруді жалғастырады. Келген адамнан COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі алынған кезде мемлекеттік шекарадағы санитариялық-карантиндік пунктке іссапарға жіберілген санитариялық-эпидемиологиялық қызмет маманы ақпаратты жедел түрде жүргізушінің сауалнамада көрсеткен маршрут парағына сәйкес аумағында болатын облыстың санитариялық-эпидемиологиялық қызмет департаментіне береді.
2020 жылдың 4-14 желтоқсан аралығында БҚО аумағындағы мемлекеттік шекара арқылы өткен транзиттік және екі жақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер саны – 4 578, оның ішінде 3207 жүргізушінің анықтамалары бар. Ал 1371 жүргізушіде анықтама жоқ болуы себепті олардан ПТР әдісімен COVID-19 тест алынды, қорытындысында тест 1 адамда оң нәтиже көрсетті.