
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен ағымдағы жылдың 11 айында азық-түлік және азық-түлік емес өнімдердің 1851 сынамасы сараптамаға алынды. Сынамалардың басым бөлігі, яғни 73,6% - тағам өнімдері. Оның ішінде отандық өнімдер- 25,7%, Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдерде өнірілген өнімдер- 64,7% және өзге елдерде өндірілгендері- 9,5%.
Жүргізілген сараптамалар нәтижесімен 111 сынамадан сәйкессіздік анықталды. Атап айтқанда, микробиологиялық көрсеткіштері бойынша-24, физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша-13, қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша-2 және таңбалануы бойынша 77 сәйкессіздік. Тамақ өнімдеріне қатысты анықталған 98 сәйкессіздік дерегі тіркелді, оның ішінде басым бөлігі құс еті, ет өнімдері мен алкогольсіз сусындар, кондитерлік өнімдердің үлесінде.
Сонымен қатар, жеңіл өнеркәсіп өнімдері ішінен 4 сынамадан, парфюмерлі-косметикалық заттар мен тұрмыстық химия заттарының 3 сынамасынан, балаларға арналған 2 ойыншықтан және 1 антифриздан сәйкессіздік анықталды.
Кеден Одағы техникалық регламенттер талаптарына сай келмеген өнімдер бойынша 32 сауда объектісіне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзуды жою жөніндегі нұсқамалар берілді.
Бұдан бөлек, сәйкессіздіктер анықталған жалпы құны 641 793 теңгені құрайтын 665,90кг құс еті өнімдері сатылымнан алынып тасталды. Атап айтқанда, құрамында патогенді микроорганизмдер, соның ішінде Salmonella табылған ресейлік өнім балапан-бройлердің жіліншігі жартылай фабрикаты және Proteus тобының бактериялары табылған ресейлік өнім балапан-бройлердің төс еті жартылай фабрикаты сауда сөрелерінен алынып, жойылды.
Сәйкессіздіктер анықталған өнімдер туралы ақпарат «Сәйкес келмейтін өнімдер тізілімінде» орналастырылған. Кез-келген тұтынушы http://reestr-np.kz/kaz/ сілтемесіне өту арқылы бұл ақпаратпен таныса алады.