
Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мектеп оқушылары online» және «offline» режимде оқиды.
Бүгінгі күні Ақтөбе облысы бойынша 66 176 оқушы онлайн режимде, ал 140 453 оқушы қашықтан оқу форматында білім алуда.
Үздіксіз компьютер алдында отыру – бала денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан да мамандардың кеңесіне құлақ асқан жөн. Мектепалды сыныптарда және мектептерде тікелей бейнетерминалмен, дербес компьютермен, планшетті дербес компьютермен және ноутбуктермен сабақтардың үздіксіз ұзақтығы оқу сағаты ішінде мыналарды құрауы тиіс:
Компьютерлермен және ноутбуктермен тікелей жұмыс істеу ұзақтығы 2 сағаттан аспауы қажет.
Компьютерлік технологияның әсерінен көптеген жағымсыз салдарлар болады. Компьютер мониторларының алдында ұзақ уақыт болу көру қабілетінің нашарлауына әкеледі, жиі бас ауру, көздің қызаруы мен құрғауы, ашуланшақтық пен жүйке жүйесінің әлсіреуі, дене бітімінің өзгеруі, омыртқаның қисаюы пайда болады.
Компьютердің бала денсаулығына теріс әсерін ескере отырып, мамандар кейбір сақтық шараларын сақтау ұсынылады:
Бала денсаулығы – басты назарда екенін ұмытпайық!