Ақмола облысында туберкулезбен ауыру көрсеткіші 19%-ға төмендеді

Ақмола облысында туберкулезбен ауыру көрсеткіші 19%-ға төмендеді

Өткен кезеңде туберкулездің 227 жағдайы тіркелген,100 мың халыққа шаққандағы  көрсеткіш- 37,6.   2019 жылдың сәйкес мерзімінде 344 жағдай тіркелген,  2019 жылғы көрсеткіш- 46,6 болған, ауру19,3 %-ға азайған.

Туберкулез ауруына шалдыққан адамдардың басым бөлігі 18 -  64 жастағы адамдар, сондағы 85%-ы жұмыс істейтін жастағы адамдар.

Туберкулез ауруының профилактикасы бойынша міндеттерді қояр кезде әлеуметтік тұрғыдағы өткір мәселелер бойынша шешім қабылдау қажет.Туберкулез ауруымен ауыратын қалың көпшіліктің ауруға әлеуметтік жағынан осал топтар шалдығатын фактілер тіркелген.  Әлеуметтік-кәсіби құрамы бойынша жасалған талдау бұрыңғы жылдардың беталысын растап отыр, алғашы ауырғандардың 50%-ы жұмыс істемейтіндер қатарына жатады екен.

«Туберкулезбен ауыратын әр пациент қараусыз қалмауы тиіс, әр пациентке  медициналық және әлеуметтік қызметтер көрсетілуі тиіс», - деп еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қоғам алдында міндет қойған.

 Сонымен қатар балаларда туберкулез ауруы мәселесіне де ерекше көңіл бөлінеді. Туберкулез профилактикасының басымды бағыты  – бұл  ерте диагностика, сонымен Ақмола облысында 65 242 бала егілуге жатқан, тексерілгені– 41 150 (63 %). Қауіп-қатер тобындағы  51 014 адам тексерілуге жатқан, тексерілгені 26 928 адам, бұл 53%-ды құрайды. Коронавирустық инфекция пандемиясы және оған байланысты енгізілген карантин шектеулері туберкулез бойынша жоспарлы іс-шаралардың іске асырылуына әсер еткен.

Мектептердің 1-сынып оқушыларын туберкулинодиагностикалау қамту  – 92%, ревакцинация 97%-ды құрайды. 2020 жылғы 10 айда туберкулезге қарсы егуменнәрестелердің 95,4 %-ы қамтылған, дүниеге келген 9 540 нәрестеден, 9 105-сібосану бөлімшесінде вакцинациямен қамтылған.

Босану бөлімшесінен  435 нәресте БЦЖсіз шығарылған. Медициналық отвод – 258, егілуден бас тартқан – 177. Медицина қызметкерлері  және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі қызметкерлері вакцинация маңыздылығы жайында БЦЖ вакцинациясынан бас тартқан ата-аналармен әңгіме жүргізген. 

Биылғы жылы Көкшетау қаласында балаларда туберкулез ауруының 3 жағдайы тіркелген, бір-бір жағдайдан Астрахан, Аршалы, Атбасар және Есіл ауданында. Туберкулездің 6 жағдайы медициналық көмекке қаралаған кезде анықталған, Көкшетау қаласында 1 бала жоспарлы туберкулинодиагностикалау кезінде анықталған. 

Статистикасы мынадай :

- 14 жасқа дейінгі балаларда – 7 жағдай тіркелген, көрсеткіші- 2,5,  2019 жылы– 14,  көрсекіші - 4,1, аурудың 50%-ға азаюы байқалады;

- жасөспірімдер арасында - 11 жағдай, көрсеткіші- 4,9, 2019 жылы – 7, көрсеткіші – 2,6, аурудың өсуі  54%.

Туберкулез ауруына шалдығудың негізгі себептері: иммунитеттің төмендеуі, халықтың флюорография тексерістен уақтылы өтпеуі, табыстың төмендігі, бейәлеуметтік өмір салты, тұратын жерлерін жиі ауыстыруы.

Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары туберкулез профилактикасы бойынша бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда.  Биылғы жылдың басынан 445 дәріс оқылған, бұқаралық ақпарат құралдарында 26 мақала жарияланған, 318 санитариялық бюллетень жарық көрген,  153 стенд рәсімделген және 7 мың парақша мен буклет және  постер таратылған.