Балабақшаларда санитариялық талаптар қатаң сақталуы керек

Балабақшаларда санитариялық талаптар қатаң сақталуы керек

Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияның таралуының екінші толқынын алдын алу мақсатында жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері он-лайн режимінде қала балабақшаларының қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізді.

Жиын барысында департамент тарапынан қатысушыларға COVID-19-дың таралуы бойынша қазіргі эпидемиологиялық ахуал хабардар етілді. Коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша Шымкент қаласы «жасыл аймақта» орналасқан. Санитариялық мамандар карантиндік шектеу шараларын мұқият сақталуын жалғастырмасақ, эпидемиологиялық жағдайдың түбегейлі өзгеруі әбден мүмкін екендігін мәлімдеді.

Онымен қоса, балабақша қызметкерлеріне балалармен тығыз байланыста болғандықтан, бетперде тағуды, қолды жиі жууды, антисептиктерді қолдану, әлеуметтік қашықтықты сақтау мен Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларының талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Кездесу соңында қатысушылар, коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтату барлығымызға ортақ міндет екендігіне тоқталды. Індеттің кең таралуын алдын-алуда санитариялық қызмет мамандарының кеңестеріне сүйене отырып, әркім өз үлесін қоса алады.