Солтүстік Қазақстан облысында COVID-19 ауруы 33%-ға төмендеді

Солтүстік Қазақстан облысында COVID-19 ауруы 33%-ға төмендеді

Осы аптаның алғашқы 2 күнінде облыста КВИ-ның 145 жағдайы тіркелді. Өткен аптаның осы кезеңімен салыстырғанда індеттің таралуы 33%-ға төмендегені байқалады. Барлық жағдайлардың 90%-ы эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталған. Бұл, емдеуші дәрігерлер мен жедел медициналық көмек бригадаларының қызметкерлерінің мұқияттылығы мен адамдарда коронавирустың белгілерін уақтылы анықтай алатындығын білдіреді. Нәтижесінде емдеу шараларын дер кезінде тағайындап, науқас адамды қоғамнан уақытылы оқшаулауға мүмкіндік береді.

Соңғы тәулікте СҚО-да КВИ-дың 70 жағдайы тіркелді, оның ішінде 37 жағдай ауру белгілерімен, 33 жағдай ауру белгілерінсіз.

Пандемия басталғаннан бері аймақтағы ауырғандардың басым көпшілігі – жұмыс істейтін адамдар - 32%, зейнеткерлер – 23%, жұмыс істемейтіндер – 18% арасында байқалуда.
Коронавируспен көбінесе 60 жастан асқан адамдар ауруда-жергілікті халықтың 27%, 50-59 жас аралығында - 19%, 14 жасқа дейінгі балалар-7% құрайды.

Егер өңірде COVID-19 таралуының төмендеу қарқынын сақталатын болса, желтоқсан айының ортасына қарай карантиндік шаралардың жеңілдетілуі мүмкін.