Мерекені ойдағыдай қарсы алам десеңіз

Мерекені ойдағыдай қарсы алам десеңіз

Мерекелер қарсаңында отбасылық демалыс кезінде көп мөлшерде тамақ ішумен бірге болатын жіті ішек инфекцияларымен тамақтан улану қаупі болатынын  ұмытпайық.

Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың жиі себептеріне тағамдарды дайындау технологиясының бұзылуы, тағамдарды көп мөлшерде (молынан), әсіресе салаттар мен басқа да тез бұзылатын өнімдерді дайындау, шыққан күні белгісіз, жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін сатып алу және оларды дұрыс сақтамау, тағамдарды дайындау процесінде жеке гигиена ережелерін сақтамау болып табылады.

Инфекциялардың пайда болуы үшін ең қауіпті тамақ өнімдері-бұл көп құрамды, әсіресе майонез қосылған салаттар, олардың сақтау мерзімі 3 сағаттан аспау керек, сондай–ақ, кремді кондитерлік өнімдер, туралған ет өнімдері, сілікпе және т. б. Жемістерді, әсіресе цитрустық жемістерді көп мөлшерде қолдану аллергия, жүрек айнуы, гастрит ұстамасы, кейде Квинке ісінуін тудыруы мүмкін, мұның өзі адам өміріне тікелей қауіп төндіреді.

Сусындарды таңдағанда және оны пайдалану барысына аса  абай болу қажет. Алкогольді мөлшерден тыс тұтыну алкогольдік улану қаупін туғызады.

Азық-түлікті бейтаныс жерлерде және рұқсат етілмеген сауда орындарында, сондай-ақ кремді кондитерлік өнімдерді өндірумен айналысатын «үй» кондитерлерінен сатып алмау қажет. Шикізат пен дайын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылаудың болмауына байланысты улану және түрлі жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі бар.

Сонымен қатар, келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:

- аспаздық тағамдарды, салаттарды, кондитерлік өнімдерді дайындау үшін жарамдылық мерзімі өткен, бүлінген немесе қайта мұздатылған өнімдерді сатып алмау;

- мерекеге дейін тез бұзылатын тағамдарды сатып алмау;

- тез бұзылатын өнімдерді рұқсат етілген сақтау мерзімі шегінде тоңазытқыштарда сақтау;

- шикі өнімдер мен дайын тағамдарды тоңазытқышта бір-бірінен бөлек, дұрысы - арнайы жабық контейнерлерде сақтау;

- қолды, тамақты бөлшектеп-кесу тақталарын, пышақтарды мұқият жуу, таза ыдыс қолдану;

- тағамдарды, әсіресе ет, құс еті, жұмыртқа және теңіз өнімдерін мұқият қуыру немесе қайнату. Ет және балық тағамдары, әсіресе тартылған ет өнімдері және басқа да тағамдар улануға әкелуі мүмкін, егер термиялық өңдеудің жеткіліксіздігінен кейін олар салқындатылмай сақталатын болса;

- дайындалған тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмау, дайын тағамды тоңазытқыш қондырғыларында 4 сағаттан артық сақтамау, ал қолданар алдында мұқият термиялық өңдеуден өткізген жөн;

- жаңа дайындалған тағамды алдыңғы күннің қалдықтарымен араластырмау;

- үйде (өнеркәсіптік емес жағдайда) консервіленген өнімдерді (маринадталған саңырауқұлақтар, тұздалған қияр, салаттар, қызанақ және т.б.) сатып алмау, сондай-ақ герметикалығы бұзылған, тоты шыққан, деформацияланған банкалардағы консервілерді сатып алмау;

- қайнатылған су немесе бөтелкедегі суды ішу;

- көкөністерді, жемістерді, оның ішінде цитрустық жемістер мен банандарды таза сумен жуып, қайнаған сумен шайған соң ғана пайдалану қажет.

Осы ұсыныстарды сақтау тамақтан уланумен байланысты жайттарды болдырмауға және мерекенің шырқын бұзбауға көмектеседі.

Бұдан басқа, пандемия кезінде сапарға шығудан және адамдар жаппай қатысатын іс-шараларға барудан аулақ болу керек. Жақындарға жанашыр болып, денсаулығыңызды сақтаңыз!