Атырауда карантин режимінің талаптарын бірнеше рет бұзған кәсіпкерлік нысандар анықталды

Атырауда карантин режимінің талаптарын бірнеше рет бұзған кәсіпкерлік нысандар анықталды

Қазіргі таңда  карантиндік шаралардың сақталуын қадағалау мақсатында Атырау облысы бойынша қала және аудан әкімдерінің өкімімен 110 мобильдік топ құрылып, жұмыс жасауда.

2020 жылдың 5 шілде мен 6 желтоқсан аралығында   мобильді топпен  7 272 рейдттер жүргізіліп, 19 602 нысан қамтылды.

Полиция департаментінен келіп түскен   материалдар  бойынша шағын және орта бизнес объектілеріне және жеке тұлғаларға ӘҚБтК 425/1 бабы бойынша  88 млн. теңгеден астам соммаға 567 айыппұл салынды.

Рейд барысында мобильдік топпен бір жеке   кәсіпкерлік субъектінің карантин талаптарын  бірнеше рет немесе оданда көп бұзу фактілері  анықталды.

Анықталған кәсіпкерлік нысандар   бұған дейін де карантин режимін бұзып, ӘҚБтК-нің 425-бабымен жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, қайталап құқық бұзған.

Атап айтқанда:

  • «Урбан»  мейрамханасы 3 рет,
  • «Кәусар»  мейрамханасы  - 2 рет,
  • «Маржан» мейрамханасы - 2 рет,
  • "Китайка"мейрамханасы - 3 рет,
  • "Рыбы моей мечты" караокесі сегіз рет карантин тәртібін бұзып, қаулыда көрсетілген талаптарды сақтамай  жұмыс істеген.

Жоғарыда көрсетілген жеке кәсіпкерлерге әкімшілік шара алынып, ӘҚБтК 425  бабы бойынша 5 млн. теңгеден астам соммаға 18  айыппұл салынды.