Қостанай облысында COVID-19 жұқтырғандардың 70% - нан астамы өздігінен жүгінген адамдарда анықталған

Қостанай облысында COVID-19 жұқтырғандардың 70% - нан астамы өздігінен жүгінген адамдарда анықталған

Қостанай облысы COVID-19 жұқтырғандардың санының өсу саны бойынша "қызыл аймақта" орналасқан. Күн сайын өңірде 80-ге жуық және одан да көп жаңа жағдай тіркелуде. Қараша айында өңірде сырқаттанушылықтың өсу деңгейі бойынша барлық антирекордтар жаңартылды. Күнделікті өсім 1,5% - дан 1,7% - ға дейін жетті.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, сырқаттанған адамдардың ең көп саны өздігінен жүгінген адамдар ішінде анықталады – 70,6% немесе 3 984 адамды құрады, 29,4% профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде анықталған.

Эпидемиологтар байланыста болған адамдарды анықтау бойынша үлкен жұмыс жүргізуде: індетті жұқтырған әрбір азаматпен тығыз және ықтимал байланыста болу мүмкін адамдардың шеңбері анықталып, Байланыста болған барлық азаматтар үй карантиніне алынады және COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілінеді. Пандемия басталғалы бері облыста барлығы 173 015 зерттеу жүргізілді, оның 5 803 оң нәтиже көрсетті.

Өңірде карантиндік шаралар күшейтілді, жабық спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт залдары, фитнес-орталықтар, спорттық - сауықтыру орталықтары және басқалары) жұмысына тыйым салынды, қоғамдық тамақтану объектілерінде 1 үстел басында 4 адамнан артық болмауға, өзімен алып кетуге және жеткізу қызметінің жұмысы 22-00-ге дейін шектелді. Бассейндердің, оның ішінде моншалар мен сауналардың қызметіне тыйым салынды, санаторийлер мен демалыс базаларының жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ, балалар секцияларының, үйірмелердің, факультативтердің жұмысына тыйым салынады. Облыс аумағы бойынша тұрғындардың жүріп-тұруы шектелген.