28 ҚЫРКҮЙЕК – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚҰТЫРМАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

28 ҚЫРКҮЙЕК – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚҰТЫРМАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
Құтырма  - адамның және жануардың өлімге алып келетін аса қауіпті инфекциялық ауруы.
Адам:
- жануарлардың терісінен, сілемейлі қабығынан бөлінетін сілекей жұққан немесе жабайы және үй жануарлары (барлық жануарлар ауыруы мүмкін) (жабайы, иесіз және үй жыртқыштары), сондай-ақ жарғанаттар тістеген кезде жұқтыруы мүмкін.
Құтырма ауруының белгілері:
дене қызуының көтерілуі, шаршау, ұйқысыздық, алаңдаушылық, тістеген жердің  (және ескі шырамның)  ауыруы, шуды, жарықты жақтырмау, аяқ-қол бұлшықеттерінің тартылуы, судан қорқу, сандырақтау, қорқу сезімі, галюцинация, ауаның желпуінен қорқу, сілекейдің көп бөлінуі, тыныс алу бұлшықеттерінің нашарлауы және параличі. 
Негізгі алдын алу шаралары:
-    үй жануарларын құтырма ауруына қарсы егіңіз, жануардың әдеттен тыс мінез-күйі анықталған жағдайда ветеринариялық маманға хабарлаңыз;
-    жануар (көбінесе ит) тістеген жағдайда бірінші кезекте тістеген және сілекей жұққан жерді сабынмен көбірек көпіртіп мол сумен жуыңыз;
-    зардап шеккен адамды құтқарудың бірден бір жолы уақтылы екпе жасау болғандықтан, медициналық мекемеге дереу жүгініңіз.