
2020 жылдың басынан бастап барлығы 17 879 тамақ өнімдерінің сынамалары алынды, оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін 1975 сынама (11%) анықталды. Импорттық өнімнің үлесі 73%, отандық өндірушілердің өнімі - 26,5% құрайды.
Техникалық регламенттер талаптарының негізгі бұзушылықтары: өндірушілердің таңбалау ережелерін 74,7% бұзуы, микробиологиялық көрсеткіштерге- 14,3%, қауіпсіздік талаптары - 6,0% сәйкес келмеуі, сонымен қатар физикалық-химиялық көрсеткіштерге (мәлімделген қасиеттерге) сәйкес келмеуі - 6,4%
2020 жылдың басынан бастап Тамақ өнімдеріндегі ГМО құрамын сапалы анықтау үшін тамақ өнімдерінің 197 үлгісі (РФ, ҚР, Қытай, Корея, РБ, Түркия, Таиланд, Украина, Польша, Вьетнам, Чехия, Германия, Молдова өндірістері) зерттелді.
Зерттелген 197 үлгінің 8-інде ГМО бар екендігі анықталды.
Зерттеудің сандық әдісінің (ПТР әдісі) нәтижелері бойынша тамақ өнімінің 8 үлгісінен 5 үлгіде ГМО мөлшерінің артуы анықталды, бұл ретте ГМО құрамы туралы таңбалауда көрсетілмеген.
1) Кореяда өндірілген "Ёль Рамён", "Джин Рамен" тез дайындалатын кеспенің 4 сынамасы GTS 40-3-2 және Mon 89788 шекті мәнінен 1,45% - дан 12,87% - ға дейін гендік түрлендірілген соя желісінен асты.
2) Түркияда өндірілген "Better Соокіеѕ Danish Pride" печеньесі GTS 40-3-2 47,75%-ға сояның гендік түрлендірілген желісінің шекті мәнінен асты.
Барлық анықталған жағдайларда Министрлік жоғарыда аталған тамақ өнімдерін әкелуге және сатуға шектеу шараларын қолданды, ал қауіпті өнімдер жойылды.
Өнімді сатып алу нәтижелері бойынша анықталған фактілер бойынша бұзушылықтарды жою туралы 849 бұйрық шығарылды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 20 іс қозғалды, жалпы сомасы 8 млн.теңгеден астам айыппұлдар салынды. Сауда кәсіпорындарында 8 млн.теңгеден астам сомаға сәйкес келмейтін 11 тоннадан астам өнім, оның ішінде қауіпті өнім сатудан алынды.