
2020 жылғы 20-26 қараша аралығында мониторингтік топтар мен санэпидқызметтің аумақтық департаменттері мектептерге 270 тексеру жүргізді, оның ішінде ерекше тәртіп бойынша - 62 тексеру, қалғандары - мониторинг шеңберінде карантин режимінің талаптарын сақтау мәніне.
22 мектепте бұзушылықтар анықталды немесе мектептердің 8,1% бұзушылықтармен жұмыс істеуді жалғастыруда.
Мысалы, маска тағу режимін бұзу фактілері республиканың 3 мектебінде – Қарағанды (2) облысында және Алматы қаласында (1) анықталды.
Қостанай облысы мектептерінің бірінде таңертеңгілік тексерістер өткізілмеген, ал екіншісінде оқу сыныптарындағы парталар арасындағы қашықтық сақталмаған және қашықтық белгілері болмаған, төрт мектепте ғимараттарды ылғалды жинау және дезинфекциялау талапқа сай жүргізілген. Оқу жылының басынан бастап Қостанай облысының 17 мектебі карантинге жабылды, ал 27 қарашадағы жағдай бойынша бір мектепте карантин әлі алынған жоқ.
Шығыс Қазақстан облысындағы мектептердің бірінде де қашықтық белгілері болмаған.
Алматы қаласының 2 білім беру нысаны жеткілікті мөлшерде санитайзерлермен қамтамасыз етілмеген.
Кварц режимін бұзу, қызметкерлердің термометриясын сапасыз жүргізу фактілерінен басқа, Алматы қаласының 3 мектебінде сыныптардағы оқушылар саны көрсетілген нормадан артық болуы да анықталды, бұл қаланың санитариялық қызметінің алаңдаушылығын туғызды.
Сонымен қатар, тексеру кезінде Ақмола (2) және Қостанай (4) облыстарының мектептерінде карантиндік шараларға жатпайтын санитарлық-гигиеналық талаптардың бұзылуы анықталды (ауыз су режиміне қойылатын талаптардың бұзылуы, жинау мүкәммалын сақтау үшін арнайы бөлінген орын көзделмеген, жарықтандыру және микроклимат деңгейлерін өлшеу гигиеналық нормаларға сәйкес келмеген).
Ақмола, Қостанай облыстарының мониторингтік топтары мен санэпидқызметі жұмысының тиімділігін атап өту қажет.
Барлық бұзушылық фактілері бойынша аудандардың (қалалардың) және облыстардың әкімдері хабардар етілді. Мектептерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді, мәселелер білім басқармалары басшыларының және мектеп директорларының қатысуымен өткен кеңестерде қаралды. Бұзушылықтар жойылды.