2020 жылғы 27 қарашадан 28 қарашаға қараған түні Көкшетау мен Степногорск қалаларының айналасына санитарлық бекеттер қойылады

2020 жылғы 27 қарашадан 28 қарашаға қараған түні Көкшетау мен Степногорск қалаларының айналасына санитарлық бекеттер қойылады

Жаздың аяғы мен күздің басындағы эпидемиологиялық ахуалдың  тұрақтанған кезеңі аурудың өршуімен алмасты. Бұны қазан мен қараша айларының көрсеткіштері көрсетіп отыр. А.ж. 30 қыркүйек 24 қараша аралығында  өңірдегі COVID-19-бен ауырғандардың саны бойынша статистика мынадай бір аптада 19; 31; 42; 75; 179; 271; 254; 403 жағдай тіркелген.

Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша мындай жұмыс атқарылған:

инфекциялық стационарлардың, реанимациялық бөлімшелердің және ауруханалардағы өзгеде төсек-орындардың саны мен сапасы артуда. Көкшетау қаласында 200 орындық жұқпалы аурулар орталығы салынды;

  • Өңірлерге дәрілік препараттарды жеткізу жүйесі қайта құрылған Жаңа логистиканың басты принцип қасиеттері жеделділік пен мобильділік болды. Облыста коронавирустық инфекцияны емдеуде қолданылатын қажетті дәрі-дәрмек, жеке қорғаныс құралдары қоры құрылған;
  • Эпидемиологиялық жағдайды нақты бағалауға, тіпті жеке елді мекендер бойынша, жоспарлауды және шектеулерді енгізуге, карантиннің сақталуын бақылауға мүмкіндік беретін науқастар мен байланыста болғандарды есепке алудың электрондық дерекқоры жетілдірілуде. Қазіргі уақытта облыс орталығының карантин аймағының айналасындағы санитариялық бекеттерде мобильді қосымша қолданылуда;

 

Бүгінгі таңда Ақмола облысы «қызыл» аймақта. Вирус жұқтырған адам санының өсуі жалғасуда, ал ауруханалардағы төсек қорының толықтығы  қазіргі уақытта 23%-ды құрайды. Стационарлар өз міндеттерін атқаруда және ауруханадағы науқастар саны әрбір пациентке барынша медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

 

  Жаңа инфекциялық стационар медицина кадрларымен жасақталған және біртіндеп жұмыс режиміне кірісуде. Жаңадан ашылған стационарда ПТР тесті жарамсыз болып анықталған жүкті әйелдер орналасқан. Жуырда  COVID-19-бен ауырған пациент дені сау нәрестені дүниеге әкелген. Бала сау және дәрігерлердің бақылауында.

 

Үстіміздегі жылғы 28 қараша күні сағат 00.00-ден бастап санитариялық бекеттер Көкшетау және Степногорск қалаларының карантин аймақтарына кіру мен шығуды  жабады.   Көкшетау қаласында 6 санитариялық бекет, Степногорск қаласында  3 санитариялық бекет орнатылған.