
Бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 10 айында 4713 объектіге ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді, санитариялық қағидалардың 3487 бұзылуы анықталды, 419,2 млн теңге сомасына 2971 әкімшілік жаза қолданылды.
Ағымдағы жылғы 10 ай ішінде жоспардан тыс 6562 тексеру жүргізіліп, санитариялық қағидалардың 4178 бұзылуы анықталды, 629,9 млн.теңге сомасына 7407 әкімшілік жаза қолданылды.
Объектілерді тексерулермен қамтудың төмендігі коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты төтенше жағдай енгізілген кезеңде осы жылғы наурыздан қыркүйекке дейін бақылау және қадағалау объектілеріне бару арқылы ерекше тәртіп бойынша тексерулер, жоспардан тыс тексерулер және профилактикалық бақылау мен қадағалаудың тоқтатыла тұруымен түсіндіріледі.
Бұдан басқа, "Қазақстан Республикасында тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" 2020 жылғы 01 қаңтардан бастап 2023 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына сәйкес 01 қаңтарға дейін шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты барлық тексерулер тоқтатылды.
Бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру мақсатында Комитет мынадай қысқа мерзімді шаралар қабылдады.
Жалпы республика бойынша карантин режимінің сақталуын тексеру мақсатында ағымдағы жылғы 17 тамыз бен 24 қараша аралығында 1556 мобильді мониторингтік топ 177988 объектіге 45788 рейд жүргізді, 17179 (9,7%) объектіде эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық, шектеу шараларының бұзылуы анықталды.
Санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық және шектеу шараларының талаптарын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша жалпы сомасы 8,9 млрд.теңгеге 13919 айыппұл салынды.
Анықталған негізгі бұзушылықтар: маска режимін бұзу, адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізу, объектілердің жұмыс істеу режимін бұзу, әлеуметтік қашықтықты сақтамау.