Еліміздің сауда орындарында қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін балалар киімдері мен ойыншықтары анықталды

Еліміздің сауда орындарында қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін балалар киімдері мен ойыншықтары анықталды

Ішкі нарықта қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін және жалған өнімдерден қорғау жөніндегі комитеттің жұмысы пандемия жағдайында да жалғасуда.

Осылайша, жыл басынан бері бақылау сатып алуларымен әр түрлі тауарлардың 27 363 үлгісі қамтылды. Оның ішінде 3 978 сынама техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді.

Азық-түлік емес тауарлардың 9484 үлгісінің 2003-і сәйкес емес деп танылды. Оның ішінде балаларға арналған тауарлар, тұрмыстық химия, парфюмерлік-косметикалық құралдар, адам терісімен жанасатын бұйымдарға арналған материалдар, киім, аяқ киім, лак-бояу өнімдері, жеке гигиена құралдары.

Анықталған бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 849 нұсқама берілді. 11,37 млн. теңге сомасына 12,19 тонна өнім сатудан алынды. Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша сәйкес келмейтін өнімді анықтау фактілері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 20 іс қозғалды, соттың 10 қаулысы шығарылды, 11,2 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне (бұдан әрі – ТРМК) РФ сәйкестікті растау жөніндегі органдары (бұдан әрі – СРО) тіркеген, сәйкес келмейтін өнімге берілген сәйкестік сертификаттарының қолданылуын тоқтату бойынша 9 материал жіберілді. Олардың ішінде: «ARTI ®» сауда маркасының балалар фантазиялық колготкиі, WANEX ® сауда маркасының кофтасы, «BAYKAR ®» сауда маркасының ұлдарға арналған футболкасы мен боксерлері, «SEVIM kids» сауда маркасының бриджиі, «МАСК -2112» ойыншық жүк көлігі.

Комитеттің аумақтық бөлімшелері ТРМК аумақтық департаменттеріне өнімнің сәйкестігі туралы құжаттарды беру және тіркеу заңдылығына СРО-ға қатысты бақылау-қадағалау іс-шараларын жүргізу туралы хаттар жіберді.