
Мектептердің жұмысын қауіпсіз қайта бастау, сондай-ақ әрбір баланың білім және денсаулық құқықтарын ілгерілету және қорғау мәселелеріне арналған вебинарлар сериясының ашылуы өтті.
Вебинарлардың ұйымдастырушылары мен үйлестірушілері БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі мамандандырылған мекемесімен (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ), Дүниежүзілік банкпен бірлесіп БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) болып табылады.
«Білім берудің тұрақты жүйелерін нығайту және қалпына келтіру» мектеп жұмысын қауіпсіз және дәйекті қайта бастау мәселелеріне арналған алғашқы вебинардың модераторы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Нұржан Қисабеков өкіл атынан болды.
Бірінші вебинарға Дүниежүзілік банк, ЮНИСЕФ, ДДҰ, ЮНЕСКО, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Білім және денсаулық сақтау басқармалары, Қазақстан Республикасының 14 облысы мен Республикалық маңызы бар 3 қаласының орта және жалпы білім беретін мектептері қатысты.
Вебинар қатысушылардың сәлемдесуінен және екі сессиядан тұрды.
Вебинарлар COVID-19 пандемиясы контексінде Қоғамдық денсаулық сақтау шараларын іске асыру, білім берудегі шығындарды азайтуға дайындық және балаға бағытталған инклюзивті цифрлық және аралас оқытуды ұйымдастыру бойынша білім беру саласы мамандарының әлеуетін арттыруға бағытталған.
2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанында Қазақстан бастауыш мектептерде офлайн-оқытуды қайта бастай отырып, оқытудың аралас моделін қолданды.
ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, ДДҰ және Дүниежүзілік банк жергілікті деңгейде COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мектептерді жабу немесе жұмысын қайта бастау туралы шешімді хабардар етуге тиіс тәуекелдерді бағалауға негізделген тәсілді қолдануды жақтайды, оқу орындарының өз жүйесін қауіпсіз жұмысқа жоспарлау және бейімдеу және вирустың таралу қаупін азайту қабілеті, мектептердің жабылуының білім берудегі шығындарға, әділеттілікке, балалардың жалпы денсаулығы мен әл-ауқатына, сондай-ақ мектептен тыс уақытта жүзеге асырылатын басқа да денсаулық сақтау шараларына әсері.